Posted in

ҚАЗАН АУЗЫ ЖОҒАРЫ

Алдыға үміт арту; Алланың бір берер несібесі бар шығар, бір сәті түсер деген дәмені білдіреді. ~ Пианино ойнайтын ешкім жоқ, құр сәнге демесең… – деп Жантуар сәл қарсылық білдірді. ─ Ешкім жоғы қалай? Қазан аузы жоғары. Отқа қарап отырған жандар емеспіз, қайта тілеу тілеп тұрады. С.Шай. * Қазан аузы жоғары, қармақ суда. М-М. * Қорықпа, қазан аузы жоғары, таңғы нәсіп тәңірден. Бордақылау пунктінің жана бастықтары бітеу болмаса, қорқытсақ та қолға түсіреміз … Б.Қыд. ~ Үрия (қайтадан айнаның алдында). Қазан аузы жоғары. Тастадым қармақ тереңге, қапсын алтын балықтар… Ә.Тәжіб. * Жәдігержан, қазан аузы жоғары. Пай-пай, мүйізі қарағайдай теке екен,- деді әлдеқайдан сап ете қалған Сары Шая. Ә.Нұрп.