Posted in

ҚАЗАН БҰЗАР

Сотқар, бұзақы. * Қалжыңы теріс, сөзі ұрыс, Айтқан сөзге көнбейді, Өз тентегін көрмейді, Қазан бұзар бір қырыс. Абай. * Басшы түзу болса, басшыдан бас тартып, ауа жайылатын халық аз, қазан бұзар, ар соққан біреулер болмаса. Ж.Айм. * Басы біреу ме, екеу ме? Мына қазан бұзар, əпербақан жігіт қазынаға қалай сыйып жүрген?» – дегендей, ішімнен таңданып келем. Ж.Айм. * Ақымақ! Қазан бұзар!.. Бұған төңкеріс неге керек десейші. Б.Майл. ~ «Шаш ал десе, бас алып» сендер сияқты ала өкпе, қазанбұзарлар, елді үркітіп, шу шығарып жүретін. Сендер сияқтының сойқанынан «қызылдар, коммунистер бұзақы» деп жаманатқа
таңады. С.Бақ. ~ Оның жалғыз жазасы өлім болуы ләзім… Қазан бұзар тентекті жасауылдар ұстап алған жерде бір шегір көзді шал ара түсіп жібермей қойыпты…З.Шүк.