. Уақытынан бұрын түскен суық шалды. * Кейде бағбандар егін-терімді жинап үлгере алмай қалып жататынын сəттер де кездеседі. Оны ел арасында қазан ұрды дейді. Ә.Үмб. * Бір қызығы: өзге жазық жердің шөбін қазан ұрып, қара күз келгенде, құмның іші мүлде басқа тіршілік қалпына түседі екен. О.Сәрс. ~ Пісіп үлгермеген көкөніс пен егін суыққа ұрынса, халық оны «қазан ұрды» дейді. БАҚ. ~ Тітіреп жаһанкездер жапырақтай, Қорыққаннан қақ жарылды жүрек тоқтай. Көріксіз кеуіңдері болып қалды, Миуасын қазан ұрып кеткен бақтай. І.Тұрм.
- Әлдебір оқыстан болған жайсыз жағдайға, уақытынан бұрын келген қиындыққа тап болу хақында. ~ Қызғалдақ шыққан бәйшешек Қурай болды қуарып. Қазан ұрды бауымды, Ашылған гүлі қызарып. ҚАӘ (“Жоқтау”). ~ Пұрсатты қолдан бермей лазым ерге, Іздену тәуба жолын, ұрмай қазан. Үмит көп қанша айтқанмен, өмір қысқа, Баянсыз бір күн өтер пәни жаһан. І.Тұрм.
