Posted in

ҚАЗАҚШЫЛЫҒЫ ҰСТАДЫ

Қазақи әдет-ғұрыпты есіне алды; күтпеген жерден ата дәстүрге сай әрекет қылды. * Төлеген қазақшылығы ұстады ма, немесе бір күніме керегі болар деді ме, жастардың қатарында бұл екеуін қонаққа шақырған еді. Оған бұлар «біз де жас екенбіз»— дегендей, әлдеқандай боп, дардиысып келіп отыр еді. Ж.Айм. ~ Сіз де қазақшылығыңыз ұстап Ақанға көмекке келген боларсыз онда… Ғафу етіңіз, үшінші адамның қашан да артық екенін білмейтін бе едіңіз. С.Жүн.