Posted in

ҚАЗА ҚАЙЫРЛЫ БОЛСЫН

Біреудің жақыны өлгенде айтылатын тілек, өлім артынан жақсылық келсін д.м. — Иә, апа, ағаның қаза болғанын естідім. Әкем айтты. Қаза қайырлы болсын. Мен енді көрші орысыңызды тексеріп шығайын. Қызметтің аты қызмет. Б.Нұрж. ~ Құран оқылып, қол жайылғаннан кейін барып, амандыққа көшті. – Иә, қаза қайырлы болсын, бәйбіше – деді апама қарап, – Иманын жолдас қылсын. Т.Әбд. ~ Жұрт сыртқа шыққанда, ақыры Бәкен бұған жақындады. Шәйі ту сыртымен тыжырынды. «Көңіл көрген жерде» деген. Қаза қайырлы болсын!» — деді қатарласа қасына келіп. Б.Нұрж. ~