Posted in

ҚАЗЫҒЫН ҚАҚТЫ

Бір істің, құрылыстың, жобаның бастамасы болды, іргетасын қалады. ~ Әкесі тоқсанның есігін саусағымен шертіп‚ өмірден өтті. Әкесі туралы жаман сөз естіген жоқ‚ осы ауылдың қазығын қаққан қадірменді ақсақалы боп дүниеден қайтты. Қ.Түм. ~ Себебі, өмір атты жыр өрмекті толғап тоқушы жұмыр басты пенденің өзі болғанмен, оның қазығын қағып, желісін тартып, түйінін түюші құдіретті, күшті хақ тағала. Сондықтан да өз өмір жыры әр адам үшін ең қасиетті, ең қымбатты қайталанбас жыр болмақ. Ү.Жәл.