Posted in

ҚАЗ БАУЫР

Үлпілдеген ақша бұлттар. ~ Қаны қайнап, қаһарға мiнген келiншек жалындап жанып барады. Сұлу дене сонда да сұп-суық. Жүрiсi дүлей құйын немесе қаз бауыр қара бұлт сияқты. Лебiнен ызғар еседi. Р.Рай. ~ Неге екені белгісіз, сол сайраған көңіл сарайына қаз бауырлана жүзген сағыныш бар; сарғайыңқы ма, жо- жоқ, атамаңыз, мұңның майда самалы желпіген үлпілдеген ұлпа сағыныш … М.Сүн. ~ Кешегідей емес, аспанға қалқып қаз бауыр ала бұлттар жинала бастады. С.Сей. ~ Қаз бауырланған желінсау бұлттардың майлы үрпін исінте домалаған мөлдір тамшылар сол араға сорғалай тамады. Ж.Шәк.