Posted in

ҚАЙДА ҚОЯСЫҢ

Біреудің есіне әлдебір адамды, жағдайды еске салу. ~ Әскери өмір деген тәртіп. Оны өзгерту тек мемлекеттің ғана қолынан келетін шаруа. Осы дала үшін бабаларымыз жан алып, жан бергенін қайда қоясыз? Е.Бақ. ~ — Мен ше? Мені қайда қоясың? Өзің бейне мен дүниеде жоқтай сөйлейсің ғой, — деп Құрманғазы оны ақырын ғана құшақтады. Ә.Әл. ~ Есіңінен әбден адасыпсың-ау, шырағым, аңырап отырған өлмелі анаң мен қауқарсыз кішкентай балаңды есептемегенде, күнде жол қарап, әр таксидің есігін аңдып жүрген бауырмал қарындасың Інжуді қайда қоясың. Ақымақ-ау, олар сені қалай іздейді, ойланбайсың ба?! АҚ. “Дара сезім”.