Сәнін кетірмеді, бастапқы қалпында сақтап қалды, бүлдіре алмады. ~ Оның осынау ізгі дәстүрін балалары жалғастырып бертінге дейін қаймағын бұзбай алып келген. С.Ақт. ~ Қаладағы оқу, айдарынан жел өскен желөкпе тірлік Гүлияға әсерін тигізе қоймаған; тым көне, тіпті эпостық мінез-құлқының қаймағын да бұза алмады. Бұзғысы келмегені емес, бұзылмады… О.Бөк. ~ Өстіп бұлар өздерінің сиқырлы әлемінде бір таңғажайып тірлік кешіп жатты, оның қаймағын бұзып алудан екеуі де сұмдық қорқушы еді. Дж.Голс.
