Posted in

ҚАЙМАҚ ЕРІН

Жұқалтаң келген ерін. * Ақбілек жаңа шешесіне көз қырын салды. Көзі тікшиген, жұқа қабақ, қаймақ ерін, таңқы мұрын, тымырайған, қайқаңдау, қара сұр адам екен. Үйге жылан кіріп келгендей, Ақбілектің жүрегі су ете түсті. Сара Ақбілекке қарай тығылып, көзі бажырайып, үріккен тайлақша ожырая қалды. Ж.Айм. * Сәйдәлінің аттанар шәйіне жасаған: «Жәзәкаллаһу белқайри хайрән кәсирин, бирахмәтикә я архәмәррахимин» деген батасын қалжыңға айналдырған құрбысы қаймақ ерін Қадишаның сөзіне күліп отырған болатын. Ғ.Біл. * Сондайлардың бірі Молдағазы деген отыздың ішіне кірген қаймақ ерін, қысық көз, қалмақ бет қазақ еді. Б.Қыд.