Posted in

ҚАЙРАН ЖАСАДЫ

Әлдебір істің амалын тауып, әрекет етті. * Қазір бұғы мүйізі сегіз- тоғыз саладан аспай қалып жатыр. Қолыңнан келсе, шырағым, осыған бір қайран жаса? Менің осы сөзімді жеткіз бастықтарға! Ә.Асқ. ~ Қасақы табиғат дүлейлігіне басып борандатып шыға келсе нендей қайран жасайды. «Байтал түгіл, бас қайғының» кебі сонда туар. Ө.Кәр. ~ Тура Зайсандағы сияқты түрме күзеткен полицейлер мылтықпен қаруланған жергіліктілерге қарсы ештеңе қайран жасай алмапты. К.Сег. ~ Келер жылы генерал Кауфман Самарқанға аттанды. Оның бетін қайтаруға әмір бар әскерін жібергенмен, орыстарға еш қайран жасай алмай, қаланы оп-оңай беріп қойды. С.Ақт.