Күш-қуаты бойына сыймай, сыртқа тепті. ~ Ал қолында қамшысымен самсаған қалың қолдың өзін қорқытқан. Себебі қамшыгердің қамшысы атан түйе мен өгіздің өзін сеспей қатырады. Бұл – әбден машықтанған, қайраты тасыған адамның ғана қолынан келетін іс. Ж.Баб. ~ Шындығында өмірдің талай ащы-тұщысын татқан, талай тайталастан жүрегі шайлығып, беті қайтқан Елубаев осы бір қайраты тасыған өткір жігіттен іштей қаймығатын. Б.Тоғ. ~ Осы Мүде бабамыз таққа отырған кезде көрші елдегі Дун-хулар дегеннің қайраты тасып тұрған шағы екен дейді. Қ.Жұм. ~ … кім біледі, төбеден жай түскендей болған сұмдық оқиғадан есі шығып теңселіп кеткен халық арасынан қайраты тасып бара жатқан біреу бұлардың соңынан суға қайық сала қууы да мүмкін ғой? Солай емес пе, Әзім? Ә.Нұрп.
