Күш танытты, қарсылық көрсетті, айбат шекті. ~ Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды. Абай. ~ Жаңағы қылт еткен аттылар бұрыла қалса, балалардың өміріне қауіп төнсе, бойынан әл кетіп көзін жұмғанша осы қанжармен қайрат қылмақшы. К.Қаз. ~ Сонан бері рахымсыз көп жыл өтті, Орақ келер, орылар мезгіл жетті. Жылы менен суықтың бәрін көріп, Қайран көңіл қайыспай қайрат етті. Абай. ~ А л у а. Іске сәт болсын. Аз күн қайрат етіп бағындар, апалар, құрбылар. Кісінікі емес, өз мүліктерің. М.Әу.
