Posted in

ҚАЙРАҢДАП ҚАЛҒАН КЕМЕ

Дәрменсіз, қолынан келер амалы жоқ адамның сипаты. ~ БӨПЕЖАН: Сіз шаң жуытпай отырған игі жақсылардың кейбірі қайраңдап қалған кемеден қашқан жолаушылардай бірер айдан бері сізден жаппай безуде…М.Сәрс. ~ Аңысын аңдап бір шешімге келе алмай отырған Есберген аулы аз уақытта қайраңдап қалған кемедей қыр басында қаңырайып қалың елдің жұртын сипап қала берді. Ү.Жәл.