Арты жақсы болуын құдайдан сұрады. ~ «Сабыр етіңіз, бұ да бір уақыт шығар…» десіп, Мамырбайға тоқтау, көңіл айтысқан болды. «Қаза, шығын… қайырын тілеңіз!» дегені болмаса, Ақбілекті ауызға алуға бір адамның тілі бармады. Ж.Айм. ~ Аз күнгі қайғы жапаға сабырлық қылыңыз. Не нәрсе болса, қайырын тілейік. Онда сізлер, мұнда бізлер аман болғай едік. Ж.Айм. ~ – Құдайға шүкір, әлі де қолыңыз құр емес қой. Ендігі күнде қасыңызға қарайып еріп жүрген мына бір қара домалақтың қайырын тілеңіз. Қ.Жұм. ~ Жампаңдап, таныстықтың қайырын тілеп, Шынардың телефоны мен адресін жазып алмақ болады. Т.Әл.
