Posted in

ҚАЙЫСТАЙ СОЗЫЛДЫ

Cерпіле, адымын соза шабу хақында. ~ Шалды басып озып əкесінің атымен қатарласа түсті. Аттардың қайыстай созылуы сонша, бауырымен қарға сырғанап келе жатқан тəрізденді. Ж.Айм. ~ Қайыстай созылып қасынан өтіп бара жатқан Абдолланың торысына адырая қарап «арам қатқыр-ай» деп дауыс тап жіберді. С.Ғаб. * Бүйірін соғып, адымы қайыстай созылған ашулы арлан кезекті кілтіңнен өте бере кілт қайрылып, үйірден оқшауланып, ұмар-жұмар жұлдыздай ағып келе жатқан құмай тазының алдын тосты. Д.Дос.