Posted in

ҚАЙЫСТАЙ ҚАТҚАН

Тым арық, сыйдиған. ~ Қарауыл төлеңгіті келіп,
хабарлап еді, төре оның мінген атының және өзінің
өңі-түсін сұрап білген соң «келсін, кіргізіп жібер»
деп бұйырды. Күнге тотыққан жүзі қайыстай
қатқан қара, денесі ыкшам, қимылы ширақ жігіт
иіліп сәлем бере кіріп келді. Ш.Рах. * Бұл — кішірек
көзі жылт-жылт еткен, адамға тура қараған кезде
қос танауы таңқиып тұратын, ұртының үстінен
жалбырап тұрған сұйық шалғы мұрты бар, ұзын
бойлы, қайыстай қатқан қара кісі еді. С.Мұр. *
Сонда ойлайтын: “Несі бар дейтін, — аяқ-қолы
бүтін, қайыстай қатқан қара демесең аузы-мұрны
орнында, басы-көзі түгел… Ә.Тар. * Есікбай – сидаң
бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын,
жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор,
сотқар бала еді. С.Мұр. ~ Баяғы жас жігіт Әбілсейіт
қайыстай қатқан қара сұр кісі болған. Бәйділданы
жақсы таниды. Ұзын сүре аят оқыды. Екі би
қипалақтап қалталарын ақтарғанда, Раманқұлдың
қолына жалғыз күміс теңгелік қана ілігіпті. З.Шүк.