Posted in

ҚАЙЫҢ САУДЫ

Аштық көрді, запа шекті, қайыңның сөлін ішіп, күн көрді. ~ Кешегі ақ майды аяғымен тепкен ел енді құлазыған қу даладан, жаужұмыр, алғыр, қозы-құйрық секілді нәрі бар шөптермен қоректенді. Қайың ағаштың қабығын сыдырып, бетіндегі желімін жеп, «қайың сауған» деген атқа ие болды. І.Ес. * Қайың сауу қалың қазақ алғаш мың жеті жүз жиырма үшінші жылы қалмақтар шабуыл жасап, сүрен аттап, шұрқан салып, тұлымдыны тұл, айдарлыны құл етіп, қазақ шығарға өр, кірерге көр таппай, бет-бетіне тентіреп кеткенде болды. Б.Қыд. ~ * Ел еңіреген, табаны тілініп тентіреген, не істеп, не қойғанын білмей сенделген сол жағдайлар кейін «қайың сауып кетті» деген ұғымды қалыптастырды. Б.Қыд. ~ Тынышбаев “Қайың сауған” деген ұғымды түсіндіре келіп, босқындардың қайың ағашының сөлімен қалай тамақтанып, күн көргендері туралы халық естелігін әңгімелейді. БАҚ. ~ Қайың сауып кеткеннің жайы осы. Әуелі қайың сауып жүріп туысқанын тапқандарды айтпақ едім, қайың сауып басқа ұлт болып шыққандарға түсіп кеткенімді көрдің бе? Бәрі ашаршылықтың кесірі. Голощекиннің лаңы. Б.Қыд.