Posted in

ҚАЙҒЫҒА БАТТЫ (ҚАМАЛДЫ)

Қасірет көрді. ~ Зарығып қара суды татты иең. Қара тұнық қайғыға батты иең. С.Мұқ. ~ Зар-мұңға, қайғыға батқан замана көші ұзап барады, ұзап барады. Б.Тоғ. ~ Дүр ене қайғыға қамалды. Түн қойнауында жалғыз қалып, алауға ағаш тасумен шалдыққан. С.Сағ.