Posted in

ҚАЙҒЫ (ҚАСЫРЕТ-ҚАЙҒЫ) БАСТЫ

Басынан қайғы, уайым кетпеді. ~ Бұл кезде Әділдің мұңлы жүрегін ашылмас қайғы басты ма, ақпанның мейірімсіз аязы өтті ме — Әділ қатты науқастанды. Шәк. ~ Кене Арыстан мезгілсіз мерт болды ғой, Алашқа бұдан да зор шер болмайды. Ел азды, арқа тозды, қайғы басты, Күңіреніп біздей бейбақ жыр толғайды. М.Жұм. ~ Отарба сырғанап жүре берді. Талай жерге аз-аздан аялдады. Талай аш адам жаңағыдай жолшыбай қалды. Талай кісі жаңадан мінді. Отарбада тыным жоқ. Жабырқаған көңілді біртүрлі қасірет – қайғы басты. С.Сей. ~ Қасірет – қайғы басқан заманда адам тек қайғымен, тек еске алумен ұзақ өмір сүре алмайды, оған басқа бейнет, басқа ой, басқа көңіл күйі келеді. М.Кәр.