Posted in

ҚАЙ ҚЫЛЫҒЫ

Біреудің істеген ісін жақтырмау, “Бұның не?” д.м. ~ Олай болса, әлгі Бақтыбайдың: «Тоқтай тұр, бәлем, көкеңе
көрістіреміз!» – деп көкіп жүргені қай қылығы? Сонда не істемек! Ә.Кек. ~ Бұл қай қылығыңыз, Дориан? Сізге, шынымен де, мен жазып берген портрет ұнамай ма? Айтпақшы ол қайда? О.Уай. ~ Тәңір-ау, бұл қай қылығың, – Кім мұңын бір көтерер қайғылының? Біреу бай, біреу кедей, біреу зарлы, Түспейді жер жүзіне тегіс күнің. БС. ҚЕ. ~ Өй, тентек, Керімім-ау, сенің де ойының таусылмайды екен. Бұл қай қылығың? – деген домбырасын керегеге сүйей салып. К.Сег.