Немқұрайлы, селсоқ, немкетті. ~ Сол-ақ екен бойы-басын сәндемей, әрлемей қалай болса солай жүргені есіне түсіп, бір қырындап өтіп кетті қасынан. Е.Әлім.
- Орынсыз, талғамсыз. ~ Бірақ аты мақал деп қалай болса солай қолдана беруге де болмайды, өйткені қазақ -«айтқан сөз – атылған оқ», ал орыс – «написано пером, не вырубишь топором» деп сөздің өте жауапты нəрсе екенін, оған өте сақ болуды ескертеді. Ө.Айт. ~ Этнолингвистика тіліміздегі
этнографиялық лексиканың ұшан-теңіз байлығын қалай болса солай, кез келген фактіге байланысты емес, белгілі бір жүйе бойынша, мағыналық-тематикалық топтарға бөліп, өзара жіктеп, саралап барып зерттеуге тиіс. Ә.Хай.~ Сөзге тапқыр, тілі өткір. Оның алдында алыс-жақыны да, қатарластары да қалай болса солай сөйлей салмайды, қаймығады. Б.Нұрж.
