Posted in

ҚАЛАЙ ДЕСЕҢ (ДЕСЕ), ОЛАЙ ДЕСІН (ДЕ)

Не болса да, ештеңеге қарамастан, жұрт не айтса да. ~ Зарына жаңғырыққан тау шыңдары, Мейлі ол алба-жұлба болсын жарлы. Мейлі жұрт қалай десе олай десін, Белгісіз ертеде өткен шал туралы. С.Мәу. ~ Есі кіресілі-шығасылы. Қалай десең олай де, қатқан қыздар. Аяғының басына түскен жол-жол халаттысы Данайға ұқсайды. М.Қаб.