Posted in

ҚАЛКАН ҚҰЛАҚ

Қалқиған үлкен құлақ. ~ Үлкен үйден қарнын қасып қалқан құлақ сарылардың кенжесі шықты. Қ.Ысқ. ~ Қармаулы, қара құсты, қалбағайлы, Ұзын жақ, қалқан құлақ, кең маңдайлы… С.Бег. ~ Тiптi өзiмен бiрге осы төбе басында асыр салып ойнайтын, көзi қулана күлiмдеп тұратын қалқан құлақ бала да шешесiмен iлесе келiп, дастарқандағы домалақ тәттiнiң үш-төртеуiн ышқырына жымқырып кеттi. П.Дүйс. Қалқан құлақ баланың аузы шапшаң екен: – Неге бармайсыз? – деп, таң-тамаша болды. О.Сәрс.