Posted in

ҚАЛТ ЕТКІЗБЕДІ

Біреудің айтқанын екі еткізбей орындау хақында; сөзін жерге тастамады. ~ Бұл сөзінің астарын ашып көрсе, – манағы «сыбаға қалдырмау» екен. Шыңғыс бұған кінәлі адамдарды қатты сөгіп, сыбағасын одан кейін қалт еткізбеген. С.Мұқ. ~ Әйтеуір, бір анығы — «отағасының» айтқанын Рәуіш қалт еткізбеуші еді: қандай қиынға салса да басын изеп жүре беретін болған. Ғ.Сл.