Бар ынта-ықыласымен бақылады, назарынан тыс қалдырмады.~ Неге назары түссе де, тесіле қарайтын әдетімен өз баурынан шыққан балаларының да әр қадамын қалт жібермей қапысыз бағып отыратын әкесі тек осыған ғана көзінің аласын азайтып, мейіріммен қарайды. Ә. Кек. ~ Әкем зергерлік ісіне біржола беріліп алды. Мен қасында тұрып,айтқандарын қалт жібермей зыр жүгіріп орындаймын. Әкенің тапсырмасын орындағаннан артық не ғанибет бар дейсің, шіркін. Б.Мом. ~ Содан кейін әкелген балаусасын оттыққа тастай салып, сыртқа сезіктене үңілді, демін ішіне тартып, сытыр еткен дыбысты қалт жібермей бағады. А.См.
