Оқыс тұрып қалды. ~ Шығар ауызда кержақтардың “Согорное” дейтұғын селосы бары есіне түскенде төбесінен тоқ тесіп өткендей Мырза қалт тоқтады. Қ.Ысқ. ~ Сонымен қатар, аласапыран ғалам ұлғайып бара жатып, тосын қалт тоқтап, кенет — жарылып кетіп, сосын, сөніп, лезде өшіп қалуы да мүмкін. Д.Аман.
ҚАЛТ ТҰРЫП (ТҰРА) ҚАЛДЫ
Оқыстан қозғалмай қатып қалды. ~ Асау болса, жайлау жазығын жалғыз иемденіп беталды жөңкіле берді. Ақыры дәрмені кетіп, дәмсіз шабысқа шыдамады білем, әлгі асау айдалада қалт тұрып қалды. Б.Мом. ~ Маңайында тұрған жұрт жан дәрмен бас сауғалап, ат қораға қарай қашты. Сәйгүлік біресе мөңкіп, біресе қалт тұра қалып аспанға шапшиды. А.См. ~ Үйден самауыр алып шыққан Арай қалт тұра қалды. Ш.Мұр.
