Әлдебір үлгіге келтірді. ~ Ол сөйлеп отыр. Анда-санда селкеу қалған, іркіс түскен таспаны зорлана тартып, жеңіл ағаш балғаның шүйдесімен жайлап соғып-соғып қояды. Әрбір өрім жымырылып, жымдасып жатады. Жез таңдай өрнек қалыпқа салып құйғандай тізіліп, ұзара түскен. С.БақБ. * Әлгі ауытқулар сәбидің мына дүниені қабылдауындағы табиғи жан жүйесіне өзгерістер енгізіп, тіршіліктегі қабілет-жігерін, ойлау жүйесінің еркіндігін, сезім жүйесі мен түйсігін қалыпқа салады. Т.Жұрт. ~ Драматургия қалыпқа салып қатырып тастайтын, немесе мумиялап сақтайтын мысырлық мүлік емес, керісінше, тіршілік қаны алпыс екі тамырында тулап тұрған нағыз өмірдің өзі! И.Сап.
