Бүкіл халық, бұқара ел. ~ Қазіргі мезгіл елге тегіс ауыр тиген 16-жылдың реквизициясы күшіне әбден келіп, дегенін істетіп жатқан кез болатын. Ырғайлының жігіттері топ-тобымен «прием» жасап жатқан Ақтас бекетіне кеткен. «Алдын алыпты», — деген хабарлар ел ішіне келіп жатқан. Қалың ел, жалпақ дала басына келген ауыр күннің қайғысынан күңірене күрсініп жылағандай еді. М.Әу.
