Posted in

ҚАЛЫ КІЛЕМ, ҚАРА НАР

Сыйлы қонаққа көрсетілетін құрмет белгісі. ~ Қалы кілем, қара нар Жарасады қатарға. Аруана жисаң жарасар Ұлы күнде сапарға. Қаумалаған қарындас Қазақта бар да, менде жоқ, Арызымды айтарға. М.Өтем. ~ Қошемет сөз айтамыз сендерге арнап, Қостайды салдар сізді асық жарлап. Мақұлдар теріс десе, жолын алсын, Береміз қалы кілем, қара нарлап! М.Әу.