Себеп-сылтау болды, әлде бір іске бастады, итермеледі, күш берді, түрткі болды. * “Ұлтқа қүрмет қылайық” дегелі бес-алты-ақ жыл болды. Әрине, бүл оянуға 1905-інші жылғы толқын, тағы әртүрлі түрткілер қамшы болған шығар; көбінесе ес кіргізіп оятуға, үлтты танытуға себеп болған – “Қазақ” газетасы. Ж.Айм. * Итбайдың ниетін естіген Асқар, «Омбыға бармай қайтып кетсем қайтеді?»–деп ойлап отырған еді. Мына сөз оған қамшы болды. С.Мұқ. * Міне, осы сөз қамшы болды да, Өмірбек осында тартқан. С.Шай. * «Әпкесі жалғыз» деген бала сөзі қамшы болды ма, Бағдан ақырын жүрсем айнып қалармын дегендей, қаттырақ басып келіп шабақтары түсіп қаусап тұрған қақпаны ашты… С.Шай. * Сол қамшы болды ма, көк бақа жiгiт әңгүрт қимылдап, менi олай да, бұлай дасiлкiлей бастады. Б.Алд.
