Posted in

ҚАМШЫ ЖЕДІ

Соққыға жығылды, жаза тартты. * 3000 сом, онан кемге
босануға болмайды. Хат жазбасаң, зынданға отырасың,
қамшы жейсің», – деді тілмаш. Ә.Бөкей. * Жетімнің басы
қашан да шала піседі. Ер бала үшін әкенің орны асқар
таудай, сол әкеден кезінде жемеген қамшы ғой саған
жетпеген… М.Қаб. * Таусоғар болыстың тайтаңдаған
шабарманына Қайсардың атанын алғызбаймыз деп ара түсіп,
мына екеуміз біраз қамшы жедік. C.Бег.