Жаншыды, езгіледі, озбырлы қылды. * Мал мен жанға бай беделді рудың бетке ұстарлары шеңгеліне толмайтындарды қыжырта сөйлеп, қамырдай илесе, қайсыбірі жалаңаш қолмен от көсегендей шыжбалақтай бастайды. С.См. ~ “Сүйегім қаусап қалыпты, түнімен қамырша иледің, жаным, бүгін сөз айтып жүрген жігітіммен ұшырасып, некеге тұруға арыз беріп қоямыз деген уәдеміз бар”, – дейді сыбырлай тіл қатып. Д.Дос. ~ Қазақты бір заманда хан биледі, Нашарды табанға сап нанша иледі, «Мынауыңның жөні жоқ, былай ет!» деп, Қарсы шығып алдына жан тимеді. С.Мұқ.
