Posted in

ҚАМ ЖАСАДЫ (ЕТТІ)

Әлдебір іске дайындық жасады. ~ Отардағы мал алды, ондағы малшы – қосшы бұл тұста артқа қарай сағынысқан елге қайтуға қам жасап, шаруасы қыстан күйзелмей, аман шыққан ел арқасы кеңи бастап еді. Ж.Ахм. ~ Қызылымыздың барында қиялай басқан боламыз. Қысталаң жағдайда қисусан ақыл-айла тапқан шағымыз да болды. Қарекет қылмағанмен қам жасадық. Б.Қыд. ~ Айлы түнде батыс жақ бүйірден, дәл өкпе тұстан айқасып, сойылдары қағысқан әлденендей топ атты сап ете түсті! Ерте күннен қам етіп, жолды күте торып жатқан болды. Ж.Ахм.