Posted in

ҚАМ ЖЕМЕ (ЖЕМЕҢІЗ)

Алаң болма; қорықпа, бәрі ойдағыдай болады д.м. * Ә, одан қам жеме. Әуелі Құдайға, қалғанын қатынға тапсырды… О.Сәрс. * Апамның көзін ала бере: «Қам жеме. Бір жөнін та бам», дегендей жымың етті. М.Сүнд. * Шал айтты: – Қам жемеңіз, патшам-ау, еш, Сөзіңді мынау айтқан қылармын ес. Айтайын арманыңды Жаратқанға, Иншалла, кезігермін ертелі-кеш. ҚЕ. (“Кезбе шал”.) * Қыздың жібі түзу ме, – дедім шығып бара жатып. — Кәрі-құртаң болып жүрмесін. – Қайдағы кәрі-құртаң? Қам жемеңіз! Сэл.

ҚАМ ЖЕМЕДІ

Алаңдаған жоқ. * Бұл ара жүрiске жеңiл. Олендi қалған жолға қам жемедi. Б.Алд. ~ Қазақтың қамын жемеген желөкпе тобыр, Неліктен жеуге тиісті қазақтың нанын?! С.Нұрж.