Қауіп-қатер атаулыдан қорғаштап, бағып-қағу, мәпелеп өсіру туралы. * Менің көз қуанышым тек екеуің ғана, сендерді қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп жеткізу менің аналық парызым ,- деп Жамалдың көңілі босансыды. А.Әлтаева. * … аяулы ана тағдырдың басқа салған қиындығына мойымай ұл – қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірді. БАҚ ~ – Айша енді зауытқа, ортамызға келді ғой!.. Қанаттыға қаққызып, тұмсықтыға шоқыттырмаспыз? Енді Айша үшін уайым жемеңдер!.. – деді Садуақас. C.Сей. * Жас күнінен бір үйдің түгелімен еркелетіп, алақанына салған баласы. Ешуақытта қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға шоқытқан емес. М.Әу. * Неше жыл асырағам. Күткем. Қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға шоқытқам жоқ – ты. Табанымды шегір тіліп, жаяу мал бағып жүргенде де сені тең құрбыңнан кем қылмағам. С.Мұқ.
