Posted in

ҚАНАТЫМЕН ҰШЫП, ҚҰЙРЫҒЫМЕН ҚОНДЫ

Қолдайтын, демейтін жақындары бар д.м. * Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады. Мәтел. * Бірақ Құнанбайдың мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де осы Тобықтының ішінде. «Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады». Сол қанаты мен құйрығы ел ішінде өзі тұстас ру басылар. Осы Байсал, Бөжейлер. Осылар соңғы бір жыл бойында бұрынғыдай ашық жарқын емес. Іштей Құнанбаймен аңдысып қалған сияқты. М.Әу.