Аяулы жақынынан, жан серігінен айрылды. ~ Бір- бірін қиып кете алмай, мұратына жете алмай, қош айтысқан жарға ұсап, жалғызынан айрылып, қанатынан қайырылып, зарлаған бейне жанға ұсап, болмаса жылап егілген, көзден жасы төгілген, бейне бір қайғы- зарға ұсап, өкінішті, өксікті, қасіретті, мұңды әнді сарнады. Ж.Айм. ~ Сұңқар едім екпінді, Қанатымнан қайрылдым. Алмас едім наркескен, Шабылмай тасқа майрылдым. Сегіз Сері. ~ “Жәңгір сұлтан! ” дейді. Қапыда қанатынан қайырылған қыранымды қайтадан ұшыра алсам ғой шіркін! С.Смат. ~ ─ Жалғыз ағасынан айырылып, қанатынан қайырылған мұңдық сорлыдан не амандық сұрайсың? С.Омар. ~ Егер қанаты болса ғой, құс секілді әлдеқашан жылы жаққа ұшып кетер еді. Бұл өмірде қанаты жоқтар, қанатынан қайырылғандар жалғыз осы кесіртке деймісің… Ә.Ас.
