Қамқорлығына алды, бауырына басты. * Осының бәрiне де төре iштей тәуба дейдi. Ақылмен басқан әр қадамы игiлiгiн берiп- ақ тұр. Малын шашып, беделiн салып жүрiп қанатының астына алған ағайынды қос түлек қос қанатындай болыпты. К.Сег. * «Өз алдыңа жеке бір үкірдай ел болу үшін, қарауындағы түтін саны үш мыңнан асуы керек» деген хабарды да ру басшылары елеусіз қалдыра алмады. Әрқайсысы жер- жерге адам аттандырып, шашау шыққан руластарын қанатының астына алып, төңірегіне ел жинай бастаған. Қ.Жұм. * Жесір әйел сол сәбиді қанатының астына ап, Егіз тағдыр сияқтана отыр екен бас құрап. М.Шах.
