Posted in

ҚАНАТЫ ТАЛДЫ

Шаршады, болдырды. * Көп ұзамай ол екінші балапанға жем әкелді. Осылайша қалқып ұшып, қайта кіріп қанаты талды ма, ақырғы балапанын жемдеген қарлығаш енді ұя аузында отырып тарана бастады. Б.Мом. * Қара желге қанатын талдырып, жіпке байлап қойған батпырақтай бір орнынан тапжылмай тышқан аулаған бөктергілер де қара суықтан қалтырайтын сияқты. Қ.Ысқ. * Қанаты талған «пташка» шаршап- шалдығып Аманкелдінің аэропортына бұрқ еткенде кіші бесін еді. Бұрынғы Батпақ қарадан қалған ен байлық – сары маса бұлттан бетер буып тұр екен. Қ.Ысқ. * Тек, адамды ақ таяқ қана асырайды деп ойлама, ұзын жолға таяныш болмаса да ақ шәулі боп өтем деме, қанаты талған қара бүркітті де есіңнен шығармасаң бопты да! .. Қ.Ысқ.