Posted in

ҚАНАТЫ ҚАЙРЫЛДЫ

Жақынынан, тірегінен айрылды. ~ Қанаты еліміздің шын қайрылды, Бір жылда бар
сұңқардан ел айрылды, И.Байз. ~ Ақ қайыңның әр бұтағы қайғы ілді,аққуыңның бір қанаты қайрылды.Ар деген бір асыл бар-ды – аттады,жар деген бір жасыл бар-ды – таптады. Ж.Нәж. ~ Іздеп жатқанын естіген соң, Елісхан да кешікпей келген. – Ау, есілім, арысым- ай! Бір қанатымның қайырылып қалғанын қарашы! Қиналсаң да жабықпа! Жасыма! Т.Рыск.