Posted in

ҚАНАТЫ ҚАТПАҒАН

Есейіп жетілмеген, уыздай жас, тәжірибесіз. ~ Жалғыз жүрсе мұның бірінен де ығыспас еді, қанаты қатпаған балапан
тағдыры ғой оны жіпсіз байлап отырған. М.Сүн. ~ Мен үшін бұл өте үлкен тәжірибе. Өзіміздің қателіктерімізді байқап, қанаты
қатпаған біздей жас журналистерді шындайды. БАҚ.