Рухтанды, қанаттанды, күш алды. ~ Арба тоқтамады. Бірақ оған ренжіген мен жоқ, аяғыма қанат біткендей. Қыз маған қол бұлғағанына, мына көктемнің дарқан даласымен жүгіріп келе жатқаныма бақыттымын. Құс боп ұшып келемін. Маған қанат біткен сияқты… Ш.Айт. * Әтпесе, мен мына миллион тұрғыны бар қаладан Сәулені көрер ме ем. Кездесер ме ем. Қолтығымның астынан қанат біткендей болды- ау! Ұшып кетердей, қалықтап аспандап кетердей әсерленуімді қарашы! С.Смат.
