Posted in

ҚАНАТ СЕРМЕДІ

Талпынды, ұшты. ~ Тағы бір кезек үмітті, көтеріңкі ән қанат сермеп, екеуі жасаған тәуекел, серт жайын тебірентеді. М.Әу. ~ Қызыл қалпақ шыр айналды, Бақа сүйек қаз мойыннан. Жел тиірмен билейді би, Шарт-шұрт қанат сермейді ылғи, Ұру, күлу, даң-дұң жыры, Адам сөзі, ат сарыны! І.Жанс. ~ Қиялы бейне бір батар күннің арайына бауырын жарқ еткізіп, төмен құйылған ақ шағалаша қанат сермейді. Б.Тоғ.