Posted in

ҚАНАҒАТ ТҰТТЫ

Разы болды, аз болса да жеткілікті санады.~ Өзгенің еңбегіне қанағат тұту, соған қызығу арқылы өзіңді-өзің қамшылайсың. Әрбір жаңа тіркес, ой, образ қиялды қозғап, ойды оятады. Ж.Нәж. ~ Менің пайымдағаным: кейбір жазушылар шығармаларының аудармасына мүлде көңіл бөлмейді, мән бермейді. Екінші тобы барды қанағат тұтады, я орысша шыққанына мәз болады. Г.Бель. ~ Бар астық мемлекетке өткізіледі. Жұрт азын-аулақ бөлінген астықты, масақтан жинап алған пұттаған дәнді ғана қанағат тұтады. К.Қаз.