Posted in

ҚАНДАУЫРДАЙ ҚАДАЛДЫ

Көзін алмай қадала қарады. * Содан ай сайын ақша алып тұрады… Өтірік десе, міне, көзі отыр ғой, айтсын! — деді
қандауырдай қадалып. Қ.Жұм. ~ Соня да қандауырдай қадалды да қалды. Бет-жүзінің қаны қашып, ақсөңкедей қуарып алған. Бүлк етер емес. А.Алт. ~ қысылып келіп Сиғаттың қасына отырды. Әбдіжапар мұны байқамағандай, әлгі бір күре тамырына қандауырдай қадалған ащы зілді естімегендей болды. Қ.Ысқ. ~ Тек еркеліктің емес. Орынсыз қиғылық та емес. Қисынын тапқан қаламның қан-тамырын тапқан қандауырдай қадалған жүзі. Қ.Ысқ.