Posted in

ҚАНДЫ КӨЙЛЕК ДОС (ЖОЛДАС)

Талай жорықта, қиын-қыстауда бірге болған, өмірдің ыстық-суығына бірге төзген майдандас. * Осы уақыт ішінде талай қанды көйлек жолдастан айрылып, талай боздақпен табысты. Соңғы рет полк қайта жасақталғанда, бұлардың ротасына бір қазақ, бір татар жігіті тап болған. Басқалары түгелдей орыс, украин… Т.Сәу. * «Қанды көйлек бауырлар ғой. Тірі қалғандары қазақ халқына қандай олжа болған» деп тұрған сияқты. Қ.Қази. * Өз төңірегімдегі таныстарым Талғар мен Сейілхан екеуі, қанды көйлек жолдас, Жаубай малын бір бағысқан Қойлыбай, Дәмет. Б.Қыд. * Міне, күрес деген осы… Күресте ешқандай тоқтау жоқ. Кеше ғана өзіңмен қауіп–қатерде бірге болған қанды көйлек дос секілді адамға енді бүгін қарсы күресуге тура келеді. Т.Әбд. * Елтайды қанды көйлек досының жалғыз ұлы, асылдың сынығы деп, «ой, бауырым» – дап іш тартқанмен, қалай айтсаң олай айт, бір шинельдің шалғайын жамылып, бір тұқылды бөліп тартқан Сыпатай оқ бойы озық тұр. М.Қаб. * – Естісең сол жақты әкең Омардың қандыбалақ бақталасы әрі қандыкөйлек кәрі досы – Көкебай жайлаған. О.Бөк.