Ақтық сәтте, ажал аузында көрісу, бақылдасу туралы. * Бөжей: -Жарайды, Майбасар, сөзім бітті. Мырза ағам сүйгеніңнен татарсың дегенде мойындаған жоқ едім. Көрісуге күн жақсы болсын, қоян сықылды қанжығада табысайық,- деп орнынан тұрып, дайын тұрған тамақты ішпей атына мініп үйіне қайтады. Әрх. Ысқақ. ~ Қоян көжегін туа салып қаша жөнелгенде «қанжығада көріселік» дейді-міс. Екеумізді бірдей аулаған біреудің біздің қанымызбен қанжығасы майланып, жуылған кезде көріселік деген ұғымда. Ж.Баб. ~ Халықтың қан- жыны араласқанда, қанжығада кездесерміз деп кергіп тұру қай аңғарға саяды. С.Смат.
