Сыйға тартты. ~ Шіркіннің көзі қандай сұсты еді!-деп қолымен кірпігінің үстіп уқалап көзін жапты. Сөйтті де бас салған қоржынды Келдібектің қанжығасына байлады. І.Ес. ~ Жер бетiндегi қылмыстың ең үлкенi мейiрiмдi, шарапатты табиғат берген ерекше қасиеттi, бойдағы дархан дарынды азын- аулаққа айырбастау, арақ әзәзiлдiң қанжығасына байлау. Ж.Шағ. ~ Сол Ыбырай ертеңгі сайлауда сенің бәріңнің басыңды тексіз, құнсыз бір кедейдің, бір Көкшенің қанжығасына байлап береді!” – деп отырып, әлденеше бозқасқаны да сойғызды, көкқасқаны да жесті. М.Әу. ~ Апаш-құпаш аттандырып, қанжығасына байлап жіберетін қоянның көжегі деп отыр ма?! Сен де байбаламды салып, дамбалыңды қолыңа ала жүгіргенің не сонша! С.Жүн.
