Posted in

ҚАНЖЫҒАСЫНДА КЕТТІ

Әлдекімге жем болды; бөтен біреу олжаланды. ~ – Ел тыныштығын ойлаған болып жүреді. Өзінің көмекейін де ұмытпайды. Енді Нұртай қасқаның басы Жылқаманның қанжығасында кетпеген несі қалды? Мына торы ат тегін дейсің бе, соның өтеуіне келіп отыр ғой. Сорлы басым-ай! — деп күңіренді. З.Шүк. ~ Жер және басқадай мүлiк жекешелендiрiлдi. Байлық жеке тұлғалардың қанжығасында кеттi. З.Қинаят. ~ О с-с-сайтанның сапалағы! Бұ не былшыл тағы да?! Камер-юнкер… генерал?.. Ой, заман-ай! Жылы да жұмсақ та, қыздың әдемісі де осы камер-юнкерлер мен генералдардың қанжығасында кетеді! Н.Гог. ~ Бұрын да құлданып келген. Қазір де құлдан-бақшы. Жеріңнің де, еліңнің де қазынасы көлденең көк аттының қанжығасында кетеді. Ө.Кәр.